Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 мая 2024 14:25

Баянауылда қарақұрт қаптап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz Фото: Massaget.kz

Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық табиғи парк аумағында қарақұрт қаптап кетті. Ұлттық парк қызметкерлері демалыс маусымы басталғанға дейін көлдердің жағалауын аса қауіпті жәндіктен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасы Massaget.kz сайтында.

Бүгінгі таңда мамандар тас астындағы қарақұрт ұяларынан мың жарымнан артық жұмыртқа жойған. Ұлттық парк аумағында химиялық препараттарды қолдануға болмайды, сондықтан қарақұрт дернәсілдерін өртеп қана құртады. Қарақұрттың уы өте қауіпті. Шаққан адамға үш минуттың ішінде алғашқы көмек көрсетілмесе тірі қалуы неғайбыл.

"Біз қазір қарақұрттың жұмыртқаларын жинап жойып жатырмыз. Олардың жетілуіне жол бермеу керек. Егер ол адамды шақса сол жерді 2-3 үш минуттың ішінде сіріңкемен немесе оттықпен күйдіру қажет. Олай істемесе үш минуттан кейін адам өліп кетеді", - дейді Баянауыл ұлттық табиғи парктің бөлім басшысы Динара Күншуақова.

Баянауылда бұрын соңды қарақұрт болмаған. Мамандар былтырдан бері пайда бола бастағанын айтады. Әдетте бұл жәндіктер оңтүстік өңірлерде ыстық әрі құрғақ жақта тіршілік етеді.

"Өткен жаз өте ыстық болды. Әсіресе, шілденің соңы мен тамыздың басында аптап ыстық тұрды. Қарақұрттың бұл түрі жеміс-жидек пен көкөністі жақсы көреді. Сол арқылы миграция жасап, ыстық кезде біздің жаққа жерсініп кетті", - дейді биология ғылымдарының докторы, профессор Қанат Қамбаров.

Материалдың толық нұсқасы Massaget.kz сайтында.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.25   490.7   4.96 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети