Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 апреля 2019 16:08

"Мұны сурет деп айтуға келмейді". Қара құрдымның алғашқы бейнесі жайлы ғалымдардың ойы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қара құрдым © eventhorizontelescope.org Қара құрдым © eventhorizontelescope.org

10 сәуірде астрономия ғылымы үшін таңғажайып тарихи жағдай болды. Event Horizon Telescope жобасының ғалымдары қара құрдымның алғаш рет шынайы суретін жариялады. Осыған дейін қара құрдым деп жарияланып келген суреттердің барлығы ұқсату ғана болған. Ғалымдар бұл жаңалықты, яғни суретті түсіру үшін бірнеше жыл кеткенін мәлімдеді. Аспан әлемінде болып жатқан жаңалықтар жайлы Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 


10 сәуірде астрономия ғылымы үшін таңғажайып тарихи жағдай болды. Event Horizon Telescope жобасының ғалымдары қара құрдымның алғаш рет шынайы суретін жариялады. Осыған дейін қара құрдым деп жарияланып келген суреттердің барлығы ұқсату ғана болған. Ғалымдар бұл жаңалықты, яғни суретті түсіру үшін бірнеше жыл кеткенін мәлімдеді. Аспан әлемінде болып жатқан жаңалықтар жайлы Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

Бұл қандай қара құрдым

Ғалымдардың айтуынша, суретке ең үлкен қара құрдымның бірі түсірілген. Ол М87 деп аталатын галактикада орналасқан. Бұл галактика күннен 6,5 миллиард есе ауыр. Дәл осы қара құрдымның суретін түсіру үшін 5 күн жұмсалған. Ғалымдар телескоптан алған мәліметтерді талдауға екі жыл жұмсаған.

Зерттеу жасағандардың сөзінше, қара құрдым жайлы ақпарат осыған дейін тек теория ретінде айтылып келсе, енді бұл сурет оның бар екеніне нақты дәлел. Телескоптардан жиналған мәліметтердің көптігі сонша оларды интернет арқылы жіберу мүмкін болмаған. Ол мәліметтерді арнайы жады дискілеріне сақтауға тура келген.   

Осы зерттеуге қатысқан астрофизик Шеперд Дойлеманның айтуынша, бұл өткен буын жете алмаған жетістікке қол жеткізген тарихи оқиға.  

Сурет қалай түсірілді?

Бұл қара құрдым Жер шарынан 50 миллион жарық жылы қашықтықта орналасқан. Қарапайым өлшеумен 500 квинтиллион шақырымда (миллион триллион) орналасқан. Оны суретке түсіру үшін 2017 жылы әр түрлі құрлықта 8 телескоп орналастырылды. Ғалымдар қара құрдымды түсіру өте қиын екенін айтты. Себебі оны адам көзімен де, телескоп арқылы да байқау мүмкін емес. Сондықтан ол атына сай қара құрдым деп аталады. 

Қара құрдымның тартылыс күші тым жоғары болғандықтан, ол өзіне барлық денені жұтады. Мамандар қара құрдымның тікелей өзін түсіру мүмкін еместігін айтады. Себебі қолда бар телескоптар оның тартылыс күшін еңсере алмайды. Бұл сурет қара құрдымның тікелей өзі емес, яғни оның "оқиға көкжиегі" деп аталатын сыртында орналасқан әр түрлі сәулелері. Мінекей, осы сәулелерді бұл уақытқа дейін ешкім де суретке түсіре алмаған. Мұның өзі аспан әлемін зерттеушілерге үлкен жаңалық.


© pixabay.com

Қара құрдымның салмағы ауыр болғандықтан, оның жан-жағындағы уақыт пен кеңістік біркелкі болмай, бұрмаланады. Сонымен қатар, қара құрдымды ғарыш бұлттары мен газ қоршап тұрады. Осының бәрін ескере отырып еуропалық ғалымдар талдауға екі жыл уақытын жұмсаған. 

Ғарыш маманы Хейно Фальке суреттегі сақиналы "лаулаған от" қара құрдымның ішіне ену алдында тұрған қайнаған газ екенін айтады. Оның сөзінше, сақинаның температурасы тым жоғары болғандықтан, оның сәулесі миллиардтаған жұлдызды тасасында қалдырады. Ал суреттің ортасындағы қара шеңбер құрдымның өзі. Ол жақтан ешқандай жарық та, сәуле де сыртқа шыға алмайды. Онда бізге таныс физикалық заң іске аспайды.     

Ғалымдардың пікірі

Қара құрдымның суретке түсірілуі ғылым әлеміне жаңалық болғаны сонша, осыған байланысты бірнеше мемлекеттің қалаларында бір уақытта баспасөз мәслихаты өтті. 

Осы жоба басшыларының бірі Лучано Реццола бұл жаңалыққа байланысты өз ойын былай деп білдірді:

"Біз тақтада жазылып қана көрсетілетін математикалық концептті шынайы зат ретінде көрсеттік. Енді біз суретте көрсетілген нысанды тексере аламыз, сондай-ақ оны өлшеп бақылауға мүмкіндік туды".

Астрофизик Сергей Попов BBC телеарнасына берген сұхбатында бұл технологияның дамығанын және ғаламшардағы тартылыс күшін одан әрі зерттеулер жасауға алғашқы қадам екенін айтты.

"Бұл бірінші рет шыққан жарияланым. Бұған адамзат өте баяу және бірнеше жыл еңбектеніп жетті. Негізі көріп отырғанымыз жай ғана сурет емес, тіпті сурет деп айтуға келмейді. Бұл радиоастрономия арқылы бейнеленген бейненің бір түрі. Ғалымдар 8 телескоптан келген мәліметті бірнеше ай бойы мұқият талдау жасауы керек болды. Бұл зерттеу адамзатқа гравитация күшін анықтауға бір қадам жақындатты. Біз тек бір галактикадағы бір қара құрдым жайлы білдік. Осы зерттеудің нәтижесі басқа галактикалардағы қара құрдымдарды зерттеуге жол ашады", - деді маман.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.57   490.7   4.88 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети