Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 октября 2023 14:55

"Ерсі емес пе, ата-ене болғанда?" Әнші Өмірқұл Айниязов гендер пати өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: видео кадры Фото: видео кадры

Белгілі әнші Өмірқұл Айниязовтың жары күні кеше үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтқан болатын. Қуанышты жаңалықты ұзақ уақыт құпияда ұстаған ерлі-зайыпты көпшілік алдында баланың жынысын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Белгілі әнші Өмірқұл Айниязовтың жары күні кеше үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтқан болатын. Қуанышты жаңалықты ұзақ уақыт құпияда ұстаған ерлі-зайыпты көпшілік алдында баланың жынысын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі жақындарының басын қосып, гендер пати жасады. Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасына видео жүктеп, оқырмандарына жария етті. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған әнші тағы ұлды болмақ.

"Бәрі бір айтып қойдық. Оқырмандардың сұрауымен видеоның толық нұсқасын тамашалаңыздар", - деп жазды Өмірқұл Айниязов.

Желі қолданушылары бұл видеоға әртүрлі пікір қалдырды.

"Осындай не керек жастар емес. Үп үлкен адамдар. Бар болған соң сылтау ғой ағылып шашылудың сылтауы", "Шүкір, құтты болсын", "Келіннің аяғы құтты болған екен", "Өмешім сендер үшін өте қуаныштымын! Ұзағынан сүйіндірсін", "Ерсі емес пе. Ата-ене болғанда", "Тіл-көзден сақтасын, аман-есен, дені сау дүниеге келсін", "Алла берерінен танбасын ізіңіз көбейе берсін", "Мен келінің аяғы ауыр шығар десем. Жастарына сай емес", "Дүниеге шекесі торсықтай азамат келсін", – деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін өнер иесі халықтан жасырып жүрген құпиясын бөліскен еді. Ол қандай құпия сілтемеге өтіп оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети